Алматылық дәрігерлер мен мұғалімдерге Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сыйақы беріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалымен өткен конференция барысында айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалымен өткен конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, қалалық бюджетті оңтайландырудың нәтижесінде дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға сыйақы беру мүмкіндігі туды. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 миллиард теңге үнемделген: жол айналымдарын оңтайландыруға, құрылыс нысандары мен Универсиадаға бөлінген қаражаттан 60 миллиард теңге, әлеуметтік нысандарға бөлінген қаражаттан 56,5 миллиард теңге үнемделсе, мемлекеттік сатып-алулар кезінде 6,5 миллиард теңге үнемделген.

"Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысының тікелей тапсырысымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жергілікті бюджеттегі қаражаттан әлеуметтік және бюджеттік салада жұмыс істейтін алматылықтарға бір алатын айлығының көлемінде сыйақы берілсе, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйқақы беріледі", - деді Байбек.

Жалпы, сыйақы алатын алматылықтардыкң саны шамамен 114,3 мың екен. Ал бөлінет қаражат 6,2 миллиард теңге болып тұр.

"Мемлекет басшысы мен Партия көшбасшысының мереке қарсаңында көрсетіп отырған көмегі оларға бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алуына, азық-түлік өнімдерін алып, коммуналдық қызметтерін төлеп, несиелерін өтеуге көмектеседі деп сенемін. Яғни, ең қажетті дүниелеріне жарата алады деп сенемін", - деді  Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы Алматыдағы экономикалыө жағдайдың жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, биыл салық көрсеткіші айтарлықтай көтеріліп, 35,3 миллиард теңгеге (114 пайызға) жеткен. 

Еске сала кетейік, бүгін Бауыржан Байбек ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада туындаған мәселелер бойынша есеп берген болатын Өз есебінің соңында қала әкімі қазіргі жағдайдың тұрақталғанын айта отырып, алматылықтарға және еріктілерге алғыс білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro