14 шілде 2020 | 20:46

Ерке баламен қалай жұмыс істеу керек? i-balaqai Елена Бурьевая

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая ерке, қыңыр балалармен қалай жұмыс істеуге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ сарапшы балалардың жылауы неліктен ашуландыратынын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая ерке, қыңыр балалармен қалай жұмыс істеуге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ сарапшы балалардың жылауы неліктен ашуландыратынын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Елена Бурьевая ата-ана баласын жүруге, сөйлеумен қатар эмоциясын бақылауды үйрететінін айтады. Бала 4-5 жасына дейін өзінің базалық эмоцияларымен танысуы керек.

"Егер балада қандай да бір эмоция пайда болса, ересектер: "Бұл қалыпты жағдай. Сен қазір ашулысың, көңілің жабырқап тұр" деп сабырмен қарағанда, балада: "Иә, менімен болып жатқан жайт" деген ой қалыптасады", - дейді психолог. 

Егер ересектер өзін қалай ұстауды білмесе, бала да не істерін білмей қалады. 

"Эмоция - қандай да бір әрекетке, жағдайға, сөзге қас қағым сәтте берілетін реакция екенін түсіну керек. Ол біздің миымызға тәуелді емес, оны бақылай алмаймыз. Ол бізде пайда болғанда қадағалай аламыз, бір жерге экологиялық әдіспен бағыттай аламыз. Бірақ көп жағдайда балалар эмоциясын қадағаламайды", - дейді спикер. Оның айтуынша, баланың эмоциясы 90 секундқа созылады. 

Балада әр уақытта әртүрлі эмоция пайда болуы мүмкін. Яғни, балада аралас эмоция болмайды. Баланың ашуы басылғаннан кейін ол келесі эмоцияны, мысалы, қуаныш пен нәзіктікті сезе бастайды. Түсініспеушілікке байланысты бала қыңырланып, еркелей бастайды.

Жылаңқы балалар

Балалардың жылауына ересектерде белгілі бір сезім қалыптасқан. Бірақ кей бала жылау арқылы өзіне қажет нәрсе туралы сигнал береді. 

"Шыны керек, кез келген ересек балада не болып жатқанын түсіндіре алмауы мүмкін. Менің қабылдауыма көп ата-ана келіп, "Маған көмектесіңіз, бала жылай береді, ол менің ашуыма тиеді" дейді. Сол кезде мен: "Тоқтаңыз, мәселені шешіп алайық: сіздің жасыңыз 30-да, сіз өз эмоцияңызды бақылай алмайсыз. Бірақ үш жасар балаңыз эмоциясын қадағалағанын қалайсыз" деймін. Олай болмайды. Сәйкесінше, бала әлі сөйлей алмайтын кезде, бірақ ойында бір нәрсе болса, ересектер оны түсінуі үшін қандай да бір сигнал береді. Ал ересектер ол сигналға әсер етуі керек", - дейді спикер. 

Бала өмірге келген кезде оның жылауы ересектердің жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Бұл солай қалыптасқан. 

"Бала жылағанда ол туралы ойламаймыз. Ұят, ыңғайсыз болды деп ойлап, "ол менің жыныма тиеді, ұятқа қалдырды" дейміз. Бұл жағдайда бала туралы ойламаймыз. Баланың жылауы - ол қандай да бір белгі", - дейді маман. 

Психологтың ұсынысы

Спикер эмоциялық жүйе келесідей орналасқанын айтады: яғни, жабырқау сезімі қуанышты алмастырады не керісінше. Психолог бұған мысал ретінде теңселіп тұрған ағашты келтірді. 

Бала үшін оның қауіпсіздігі, соны сезуі маңызды. Ал қауіпсіздікті оның жанындағы ересектер, баланың өміріндегі жағдайға сабырмен әсер ететіндер қамтамасыз етеді. Ал баламен бірге тұрмайтын, оны отбасында басты адам етпейтіндер оның үрейін еселей түседі.

"Психолог Екатерина Мурашова былай дейді: "Табиғатта үйректің балапаны анасының артында жүреді. Егер үйректің баласы қалып қойса ол өліп қалады, жоғалады не оны біреу жеп қояды". Бізде де, адамдар да да солай, бала әке-шешесінің ізімен жүреді

Енелер көбіне ересек балаларға көмектесемін деп отбасының ойранын шығаруы мүмкін. Спикердің сөзінше, ондай енелер өз өмірін сүріп үйренбеген. 

"Ойын алаңдаында Маугли секілді ойнап, күліп жүрген балаларды көргенде бізге: "Сұмдық, мынау қандай бала? Тәрбиесіз екен" деген ой келеді. Бірақ шын мәнінде ол баланың жүрегі жаралы, ол шекараны, ережені табуға тырысып, ата-анасының: "Жетер. Бұл қауіпті. Бері кел" деп айтуын күтеді. Ол анасы, әкесі үшін маңызды екенін білгісі келеді, қауіпсіз кеңістікті іздейді", - дейді маман. 

Тағы бір мысал, қалаған нәрсесін істететін балалар қорқақ болып өседі, олар есейе бастаған кезде: "Олар менің қалаған нәрсемнің бәрін істейді. Демек олар мені қорғай алмайды" деген ой болады. Сөйтіп балалар тырнағын тістеп, шашын қайта-қайта ұстап, агрессив және импульстік мінез таныта бастайды", - дейді психолог. 

Ата-ананың кез келген реакциясы баланың мінез-құлқын бақылауға ықпал етеді. Мысалы, бала анасының телевонымен ойнағысы келеді, оны бермей қойғандықтан жылай бастайды. Анасы амалсыздан балаға телефон береді. Бала "жеңіске" жетіп, ол осылайша қалағанын алуға болатынын түсінеді. Бұл жағдайда анасы керісінше әрекет етуіне болады - қарсылық таныту керек. "Жоқ, болмайды" деп айту керек. Бала жылай бастаған кезде, анасы: "Мен сенің телефон ойнағың келіп тұрғанын түсінемін. Қазір ренжіп қалдың. Бірақ мен саған оны бере алмаймын, сені құшақтап, сүйіп, аяй ғана аламын" деп түсіндіру керек", - дейді психолог.

Балалар мен ата-аналарға психологиялық тәжірибе

Өте жақсы арт-тәжірибе бар: үлкен қағаз, ватман, түсқағаз немесе жайманы алып, балаға сурет салуға мүмкіндік беріңіз. Сондай-ақ фольганы алып, шар жасап, шаңсорғыш ретінде қолдануға болады. Яғни, алақаннан негатив, ашу, анаға ренжу деген секілді сезімді алып тастаймыз. 

Ата-ана мен баланың қолдануына болатын тағы бір тәжірибе - айғайлау. 

Эмоцияны басу мүмкін емес, ол уақыт өте келе одан да қатты байқалады. Мұндай жағдайда агрессия немесе ашу-ыза тудыратын заттарға арналған хат көмекке келеді, сондай-ақ сол жерде өзіңізге жауап жазуыңызға болады.

"Ата-ананың міндеті - баланы әке-шешесіз өмір сүруге үйрету", - дейді Елена Бурьевая.

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети